«Жәнібек ән салады…»
15.06.2018
1249
0

Жуырда Семейдегі Абай атындағы сазды-драма театрында әйгілі әнші, белгілі қаламгер Жәнібек Кәрменовтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған жазушы Дәулет Сейсенұлының «Жәнібек ән салады…» атты драмасының тұсауы кесілді. Пьесаны сахналаған аталған театрдың көркемдік жетекшісі Ербол Жуасбек, Жәнібек ролінде Азамат Нұрғамыс. Осы орайда оның әншілігі де артистігімен астасып жатқанын айта кеткен жөн болар.


Қойылымға жиналған көрермен жазу­шы-ұстаз Кәмен Оразалин, Абай елінің басшысы Кәрім Нұрбаев, жазушы ақсақал Сапарғали Бегалин, Жәнібектің ұстазы Жүсіпбек Елебеков, аға жолдасы Ақселеу Сейдімбеков, қатар құрбылары Қайрат Байбосынов, Тұрсын Жұртбаев, Жабықбай­дың бейнелерін келісті ойнаған Мырзахан Сыдықов, Ерен Ахметов, Сапарбек Әшімбе­ков, Айтбек Ташимбетов, Бекзат Омашев, Жәнібек Авленов, Думан Бәкімбаев, Тілек­жан Тұрайысов сынды әртістерге риза болып тарасты. Жергілікті кәсіпкер Қайрат Тай­тө­леуов енді осы қойылымды Абай еліне апа­рып көрсетуге демеуші боламын деп отыр.
Алдағы жылдың басында Жәнібек Кәр­меновтың туғанына 70 жыл толмақ… Енді бірер айда Дәулет Сейсенұлының әнші тура­лы деректі кітабы Астанадағы «Фо­лиант» баспасынан жарық көрмек.

Қайрат
САБЫРБАЙ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір