Елорданың Алатауға сәлемі
30.03.2018
1178
0
Елорданың 20 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымына қарасты «Astana Musical» театры 23-27 наурыз аралығында Алматы қаласына гастрольдік сапармен келді. Гастрольдік турненің мақсаты – ашылғанына екі жыл болған жас театрдың жетістіктерін республика аумағына таныстыру.
«Astana Musical» – еліміздегі жә­не Орталық Азиядағы тұңғыш ма­мандандырылған мюзикл теат­ры. Ол замануи ба­ғыттарға негіз­деліп, отандық және әлем­дік мюзиклдердің орталығына айнала бастады.
Елордалық театр мамандары Ала­­тау көрерменіне Уильям Шекс­пир­дің классикалық пьесасы бойын­­ша жазылған Жерар Прес­гюр­виктің мюзиклі негіз болған «Ромео и Джульетта», Қазақ му­зы­касының Алтын қорына енген Ш.Қалдаяқов, Е.Хасанғалиев жә­не «Дос-Мұқасан» тобының ән­дері, әлемдік музыканың жарық жұл­дыздары «Битлз» тобының ре­пертуарындағы шығармалар арқау бол­ған «Достар серті», ұлттық опе­ра мен классикалық музыканың інжу-маржаны негізінде жасалған «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклдері мен Мұқағали Ма­қа­таевтың шығармаларына негі­зін­делген – «Жырлайды жүрек» атты му­зыкалық-поэтикалық спек­такльді көрермен назарына ұсын­ды. «Қыз Жібек» мюзиклі «Жаһан­дағы заманауи қазақстандық мәдениет» жо­басы шеңберінде 2017 жылдың жел­тоқсан айында Франция, Бе­ль­гия, Австрия, Ре­сей мемлекет­те­­рінде сахна­ланып, шетелдік кө­­р­ер­меннің қошеметіне бөлен­ген.
«Astana Musical» театрының қойы­лымдары туралы М.Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер инс­титутының Кино және театр бө­лі­мінің ғылыми қызметкері Айдана Ала­ман былай дейді: «Ромео Джу­льет­та» қойылымындағы бірте-бір­­те үдей түсетін темп, сце­ног­ра­фия­сындағы әрекет мекенін өз­­­гертіп екпіндей қозғалған де­ко­ра­ция, «Достар сертіндегі» серпін­ді әуендер легі мен «Қыз Жібектегі» ұтымды қолданылған фольк­лор­лық сарындар, режиссерлік ше­шім­дегі темпераментті интерпре­тациялар театр ұжымына деген құр­метті үдете түсті. Драмалық, һәм романтикалық сюжеттерге құрылған мюзиклдерді назарға алған бұл театр көрерменді Орта Азия­дағы тұңғыш мюзикл театры бол­ғандығы үшін ғана емес, ак­терлардың кәсіби ойынымен де қуан­тып жүр. Ондағы Саламат Мұ­қашев, Аман Гумаров, Инабат Ризабекова, Жарқынай Ханайым сынды актерлердің ойыны – жоғары деңгейден. Дегенмен, алдағы уақытта театр актерлері мен декорацияның техникалық мүм­кіндіктерін заман талабына сай дамыта түссе екен деген тілек бар. Бұрыннан қалыптасқан ка­нон­дарды бұза отырып, жоқтан бар жасау – оңай емес. Өнер ұжы­мына сәттілік серік болсын!
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір