Карикатура

0
77 қаралды

Бейнелеу өнерiндегi өзiнiң қолтаңбасы қалыптасқан талантты суретшi, белгiлi карикатурашы Ғалым СМАҒҰЛ көптен бері ел көзіне көрінбей кетті. Елге мәлім мұзжарғыш басылымдарда жарияланған Ғалымның туындылары талайды таңдай қақтырғаны ел есінде…
Белгiлi қылқалам шеберлерi Еркiн Нұразхан, Айдарбек Ғазизов, Нұрлан Тазабеков, Мұрат Ділманов, Қытайдағы Нұрхан Әкіранұлы қазақ карикатура өнерін бір белеске көтерді. Ал Ғалым осы бiр оспақ өнердiң екiншi тынысын ашты. Тәуелсіздік дәуірінен бері осы өнердiң босағасында түнеп келедi. Әмен Хайдаров мектебiнiң мүкәмалын түгендеушi. Бразилия, Корея, Түркия, Иран, Румыния, Украина, Ресей, Әзiрбайжан елдерінде өткен халықаралық карикатурашылар байқауында дара шауып жүрді.
Бүгiнгi қоғамымыздың саяси, әлеуметтiк, психологиялық, моральдық болмыс-сипаты Ғалым сиясауытындағы ащы сұйықтықтың бетiнде қалқып жүргендей әсер қалдырады. Оның еңбектерi түсте сызса, кешке ұмыт қалатын кескiндердiң қатарынан емес, тұтас бiр кезеңнiң, уақыттың, заманның көшiн астары қатпар-қатпар, ерсiлi-қарсылы, күнгей-терiскейлi пәлсапалық ойларға шырмап қойған туындылар.


Пікір қосу