ЖОЛДАУ БАҒДАРЛАРЫ: «БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ»
28.10.2026
336
1

Жетісу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын тыңдады.

Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына тоқталып, жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен алдағы кезеңге арналған стратегиялық міндеттерді айқындады. Әділетті Қазақстанды құру, елдің экономикалық әлеуетін арттыру, білім мен ғылымды дамыту, инновацияларды енгізу және цифрлық трансформацияны жеделдету мәселелеріне басымдық берілді.

Президент өз сөзінде білім мен инновацияның маңызын атап өтіп, жасанды интеллект технологияларын экономикамен қатар білім беру мен ғылым жүйесіне де белсенді енгізуді, бұл құралдардың өңірлердегі білім сапасын теңестіруге септігін тигізуі керектігін айтты. «Енді бұл жұмысты әрі қарай жүйелі жалғастырып, жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономика құруымыз қажет.

Үкімет, ұлттық компаниялар, креативті индустрия секторы осы үдеріске белсенді атсалысуға тиіс»-деді мемлекет басшысы. Бұл жоғары оқу орындары үшін де маңызды бағдар. Білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді дамыту, заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізу, жасанды интеллект технологияларын қолдану және еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлау – елдің тұрақты дамуына әсер ететін нақты фактор.

Жиын соңында университет ректоры Ермек Бөрібаев Президент Жолдауында белгіленген басым бағыттарға қатысты пікір білдіріп, алға қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда жоғары оқу орындарының жауапкершілігі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар университет ұжымын білім мен ғылымды дамытуға, білім беру сапасын жетілдіруге және ел болашағы үшін айқындалған міндеттерді орындауға бірлесе атсалысуға шақырды.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 01.11.2026 | 21:38

Trump apocalypse. Қарқындықадамдамай, қанағаттанабіліңіз Қасым Жомарт мырза. Қиын кезең көлденең келгенде, асықпай абайлаған дұрыс, аңдап басып, алдағы қиыншылықтарға баса назар аударып, бар жиғанды шашып тастамай, қаракүннің де қамын ойлаған жөн. Қарқындықұрылыс жылдар бойы жалғасуда, тым көп болса баяғы ақшасы бар байлар сатып алады да, сорлы кедей сол қалпында қала береді. Алдымен тежегіш механизмді ойластырмай, опыра беру дұрыс емес. Опық жеу, озамын деп, орға құлатады.
Ахурамазданың Ақырзаманның адамдары билікте отырғалы Путин мен Трамп секілді, дүниеде белгісіздік пен қатер мен қауіп қабаттаса орын алады. Сабыр мен қанағат керек мына Трампапокалипс заманында. Сабыр сақтаңыз, Қыж, қыж болмай Қ-Ж мырза. Ақша табу мен жұмсау ғана емес, сақтап қалу мен өсіру мәдениетін қалыптастыру керек, қоғамда. Ертеңгі күнді бүгін ойламаған опық жейді, болашақта.
Асықпай арбамен аяңдаған абзал, жыртыл қазақ, жыртыл,- деп аттандамай.
01.11.2026

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір