Ойынға тәуелділіктің қауіптілігі
Лудомания, яғни ойынға тәуелділік – бұл құмар ойындарға деген шектен тыс әуестік, ол қарапайым ойын-сауық шегінен шығып, ауыр психологиялық дертке айналады. Бұл тәуелділік адамның эмоционалдық және қаржылық жағдайына ғана емес, сонымен қатар оның денсаулығы мен әлеуметтік қарым-қатынасына да әсер етеді.
Лудоманияның басты белгісі – құмар ойындарға қатысуды бақылауда ұстаудың мүмкін еместігі. Тәуелді адам қаржылық шығындарға, қарым-қатынастардың бұзылуына және басқа да теріс салдарға қарамастан ойнауды жалғастыра береді. Үнемі қауіп-қатер жағдайында болу стресті күшейтеді, бұл ұйқысыздыққа, депрессияға және тіпті гипертония немесе жүрек-қан тамырлары аурулары сияқты физикалық дерттерге әкелуі мүмкін.
Әсіресе лудомания жастар арасында қауіпті, себебі олар құмар ойындардың тез тәуелділікке айналатынын көбіне түсінбейді. Онлайн-казино мен мобильді қосымшалардың қолжетімділігі ойындарға кіруді жеңілдетіп, тәуелділік қаупін арттырады.
Көптеген адамдар үшін құмар ойындар – бұл алаңдаушылықтан, бақытсыздықты немесе қиын кезеңді ұмыту, эмоционалды ауырсынудан құтылу тәсілі. Мұндай құмар ойыншылар ойнайтынын мойындайды. Бұл уақытша әрекет деп сендіреді, бірақ іс жүзінде олар ауруды өздігінен жеңе алмайды.
Лудоманияның алдын алу оның зияндығын түсінуден басталады. Өз іс-әрекетіңізді бақылауды үйрену, құмар ойындар өткізілетін орындардан аулақ болу және бұл мәселені жақындармен талқылау маңызды. Егер тәуелділік қалыптасып үлгерсе, психолог немесе психотерапевт сияқты мамандардың көмегіне жүгіну қажет.
Лудомания – елеусіз қалдыруға болмайтын ауыр проблема. Тек уақытылы түсінік пен жақындардың қолдауы бұл дертпен күресуге және өмір сапасын қалпына келтіруге көмектеседі.