Жайлау
20.04.2026
38
0

Қараймын айналаға, тамаша бір.
Көз байлап алқара-көк аршалы адыр.
Жартастар деп тұрғандай жалап өтсең,
Мен-дағы қосылайын ән сала жүр.

Бойынан жалбыз иісі бұрқыраған.
Тасбұлақ қандай ыстық күлкің маған.
Шөлдеп кеп қайнарыңа бас қойғанда
Шабытты көңілімде жыр тулаған.

Жүрсемде қай сайыңда, қай тауыңда.
Ырысы жатыр елдің жайлауында.
Жеңешем өрешеге жарма жайса,
Әжеміз тұздап отыр құрт-майында.

Қиялдың кетті-ау тасып ағып күші.
О, жайлау баурай берші, табындыршы.
Шығаршы тастарыңа, асқарыңа,
Сарқылсын, басыл көңіл сағыншы.

Мұқият Ақнар

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір