Ыстанбұлға тіке рейс
02.06.2026
59
0

Жақында Орал халықаралық әуежайының баспасөз қызметі Орал – Ыстанбұл бағыты бойынша жаңа халықаралық рейстің ашылатыны жөнінде ақпарат таратты. Нақтылай түссек, аталмыш бағытта биылғы 4 маусымнан бастап, «Pegasus Airlines» әуе компаниясы тұрақты рейстер орындайды. Үшбу рейстер аптасына екі рет – бейсенбі, жексенбі күндері жүзеге асырылады.
Түркияның Ыстанбұл шаһары – әлемдегі ірі көлік-логистикалық және туристік орталықтардың бірі. Демек, жаңа халықаралық рейстің ашылуы іскерлік және демалыстық сапарлар үшін, сондай-ақ әрі қарай басқа да халықаралық бағыттарға шығуға өте қолайлы мүмкіндік екендігі шүбәсіз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір