Жоғарғы Сот: IТ-ға баса назар аударып, инфрақұрылымды жаңғыртуда
16.03.2026
82
0

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев инфрақұрылым жұмыстарын тексеру барысында жоғарғы сот органының сот залдарының күрделі жөндеуден кейінгі жаңа келбетін қарап шықты.

Іс-шараға Сот алқаларының төрағалары мен Сот әкімшілігінің басшылығы қатысты.

Жаңғырту Президенттің өз Жолдауында жариялаған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы», сондай-ақ Жоғарғы Сот Төрағасының кешенді цифрлық трансформация, мемлекеттік басқару мен экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылды.

Жаңашылдықтар қатарында Ахуалдық орталықты жоғары технологиялық бейнестудиямен және аса жоғары ажыратымдылықтағы LED-экрандармен жабдықтау бар. Олар ақпаратты бір уақытта бірнеше көзден көрсетуге мүмкіндік береді. Жұмыс кеңістіктерінің инфрақұрылымына, дизайнына және эргономикасына кешенді өзгерістер басқару жеделділігін, шешім қабылдау жылдамдығын және нақты уақыт режимінде үлкен деректерді талдау сапасын айтарлықтай арттырды.

Жаңа интернет-соттың прототипіне айналған сот отырысының электрондық залы интернет-алаяқтық пен кибер қауіпсіздікке қатысты істерді қарауға арналған цифрлық шешім болып табылады. Ол сөйлеуді автоматты түрде мәтінге түрлендіруге, сот отырыстары хаттамаларын жүргізуге және аудио-бейне тіркеу стенограммасын жасау­ға қабілетті жасанды интеллект элементтері бар интеллектуалды IT-жүйелерімен жабдықталған.

Сот отырыстары кезінде судьялар цифрлық көмекшілерге және әртүрлі сот IT- өнімдеріне қол жеткізе алады. Сотта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Face-ID озық технологиясы енгізілді.

Бейнеконференция байланыс және іскерлік кездесу бөлмелері көпбейінді және әртүрлі мақсаттарға жарамды болды. Жетілдірілген бейнеконференция байланыс жүйесі қазір өңірлік және шетелдік әріптестермен тұрақты әрі сапалы бейне байланысты қамтамасыз етеді, бұл жайлы және өнімді жұмыс ортасын жасайды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір