Тектілер ту көтереді
30.01.2026
149
0


Қазақ ұғымындағы ТЕКТІЛІК – қанның емес, рухтың, сананың тазалығы.

Текті адам өз тегін ғана емес, өз миссиясын біледі. Ол миссия жеке-пенделік мүддеден биік тұрады. Ол миссия — АЗАМАТТЫҚ САНАға негізделеді. Ұлтты біріктіріп, бірлікті нығайтатын маңызды алаңға айналған Ұлттық құрылтайдың сыр өңірінде өткен бесінші отырысында да елдік, азаматтық мүдде бірінші ойынға қойылу керектігі тағы бір дәлелдене түсті. Ұлттық сана, ұлттық рухтан бөлек қоғамдық өмірде шешуші рөл атқаратын, көп аңғарыла бермейтін сананың тағы бір түрі — азаматтық сана жайлы кең талқыланған жиын болды.

Ұлттық сана мемлекет құруда шешуші рөл атқарса, азаматтық сана – адамгершілік талаптарына сай қоғам құруда аса қажет сананың бірі екендігін жастарға түсіндіру мақсатында ОКЖ қарасты Алмалы кітапханасында кездесу өтті. ҚазҰҚПУ колледжінің студенттері қатысқан басқосуға «Сенімен Болашақ» РҚБ Алматы филиалының жетекшісі М.Мәулетқызы қатысып, Қоғамға ортақ ізгіліктерді, адамшылық құндылықтар мен қасиеттерді бағалау, оны өз бойыңнан көрсете білу – азаматтық сананың көрінісі екенін жан-жақты жеткізе білді. Әр буын – аманаттың жалғасы, рухани мінездің тұтушысы (носителі) екенін ескере отырып, зумер мен альфа ұрпақ аруларына тектілік ұғымын тереңірек түсіндіруге тырысты. Қыз балаға тән қасиеттер жіктеліп, #ЗаманауиҚазақҚызы бейнесі қалай болу керек деген сұрақ талқыға салынды. Жастар пікірін ашық айтып, пайымды ойларын жеткізді.

Шараны қорытындылаған Алмалы кітапханасының жетекшісі Сымбат Асанова:

— Азаматтық сана жеке мүдделерден биік тұратын сана. Ол – жеке бастың қамынан елдің қамын, тұтас қоғамдық ізгілікті жоғары қою деген сөз. Хакім Абай «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың», — деп азаматтық санаға тән ерекшелікті дөп басып айтқан. Азаматтық сана жоғары парасат биігіне көтерілгенде, ол «Адамзаттың бәрін сүйетін» бауырмалдылыққа, адам баласы үшін қамкөңілдікке бастайды. Сондықтан бүгінгі өскелең жастарды осы адми қасиеттер төңкірегінде топтастыру мақсатындағы іс-шаралар легін әрі қарай да жалғастыра береміз, — деп келген қонақтарға, жастарға алғысын білдірді.

М.Маулина

 

 

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір