Салық төлеушілердің есіне
02.12.2025
67
0

Негізгі өзгерістер:
ҚҚС мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға ұлғаюы;
ҚҚС бойынша есепке қою шегінің 20 000 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке дейін төмендеуі;
Арнайы салық режимдерін оңтайландыру;
Жылдық табысы 8 500 АЕК-тен асатын азаматтардың кірістеріне прогрессивті ЖТС енгізу.
Арнайы режимдер санының қысқаруы
ЖК 715-бабына сәйкес ОӘР-мен қатар салық төлеуші төмендегі арнайы режимдердің бірін таңдай алады:
өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР; жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР; шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР.
Қалған режимдер (тұрақты шегерім, бөлшек салық) 2026 жылдан бастап жойылады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа АСР
ЖК 718-бабы бойынша:
ҚР азаматтары және қандастар қолдана алады;
айлық табыс шегі – 300 АЕК;
ЖТС төленбейді, 4% әлеуметтік төлемдер ғана алынады; қызмет түрлерінің шектеулі тізімі, жалдамалы қызметкерлерге тыйым; барлық салықтық өзара әрекет – арнайы мобильді қосымша арқылы (ЖК 717-бап).
Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР
Жаңа талаптар:
жылдық айналым – 600 000 АЕК; ҚҚС төленбейді (импорт ҚҚС-ы және бейрезидент ҚҚС-ынан басқа);әлеуметтік салық төленбейді; мөлшерлеме – 4% (аймақтарда 2–6% диапазоны); қызметкерлер санына және аймақтарға шектеу жоқ; қызмет түрлері бойынша шектеулер енгізіледі.
ЖК 723-бабы 2-тармағы бойынша жеңілдетілген режимді қолдана алмайтындар: басқа заңды тұлғалардың үлесі 25%-дан асатын заңды тұлғалар; құрылтайшысы басқа АСР қолданатын заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалар; құрылтайшысы/қатысушысы АСР қолданатын тұлғалар; АСР қолданатын заңды тұлғалардың құрылтайшылары болып табылатын жеке тұлғалар және ЖК; ҮЕҰ; АЭА, индустриялық аймақтар, Astana Hub қатысушылары; бірлескен қызмет туралы шарт бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер.
Есептілік: 910.00 нысаны, жарты жылда бір рет (ЖК 722-бабы 3-тармақ).
ОӘР-дегі контрагенттер АСР қолданушылардан сатып алынған тауарлар мен қызметтерді КТС бойынша шегерімге жатқыза алмайды (ЖК 286-бабы 16-тармақ).
2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мөлшерлемелерінің өзгеруі әлеуметтік аударымдар – 18,9%-дан 18,1%-ға дейін; жұмыс берушінің МЗЖ – 2,5%-дан 3,5%-ға дейін; әлеуметтік салық – 11%-дан 6%-ға дейін.
Әлеуметтік аударымдарды азайту 01.01.2028 ж. дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік салық мөлшерлемесі төмендегенімен, оны әлеуметтік аударымдар сомасына азайту нормасы алынып тасталады.
Өтпелі ережелер
Патент немесе мобильді қосымша негізінде АСР қолданған, әрі талап етілетін хабарламаны тапсырмаған ЖК 2026 жылғы 1 наурызда автоматты түрде есептен шығарылады. Есептен шығару күні – Кодекстің қолданысқа енгізілген күні. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР қолдану күні – мобильді қосымшадағы алғашқы чек күні немесе төлем құжаты көрсетілген ай.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін АСР қолданған салық төлеушілер жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ге көшу үшін 2026 жылғы 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы тиіс.
1 наурызға дейін хабарлама тапсырмаған тұлғалар (шаруа қожалықтарынан басқа) ОӘР-ге өткен болып есептеледі.
Қорытынды:
2026 жылы патент немесе мобильді қосымша негізіндегі АСР қолданған ЖК үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ге көшу автоматты түрде жүргізіледі.
Жеңілдетілген декларация негізіндегі жаңа АСР-ге көшу — ЖК 723-бабы талаптарын сақтау және 2026 жылғы 1 наурызға дейін хабарлама тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
Хабарлама тапсырылмаған жағдайда – ОӘР-ге көшу.

Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы,
Салық төлеушілермен жұмыс бөлімі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір