«Бармақтай бақ»
14.10.2025
129
0

Алматыдағы Республикалық зағип және нашар көретін көретін азаматтарға арналған кітапханада «Платиналы Тарлан» тәуелсіз сыйлығының, Парасат орденінің иегері, ақын-сазгер Исраил Сапарбайдың «Бармақтай бақ» нүктелі-бедерлі қаріпте шығарылған кітабының тұсаукесері болды.

Рәсімге Қазақстан Жазушылар одағы Поэзия кеңесінің төрағасы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Әділғазы Қайырбеков, Нұрлан Исрайылұлы, Жанар Исрайылқызы, кітапхана директоры Асхат Байұзақов қатысып, кітап тұсауын кесті, ой-пікірлерімен бөлісті. Кітапхана қызметерлері Исрайыл ақынның өлеңдерін жатқа оқып, елге танымал әндерін орындады. Абыз ақынның рухына тағзым жасалды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір