19.09.2025
388
6

2025 жылғы 8–18 қыркүйек аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту ұлттық ғылыми-практикалық орталығында көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тифлопедагогтері, педагогтері мен арнайы мектеп-интернат тәрбиешілеріне «Көру қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен әлеуметтендірудегі тифлопедагог жұмысының заманауи технологиялары мен әдістері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті. Курсқа еліміздің әртүрлі аймақтарынан 25 маман қатысты.

Бағдарламаның басты ерекшелігі – көру қабілеті зақымдалған балаларға қолжетімді әрі бейімделген білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған инновациялық технологияларды, арнайы әдістемелер мен тиімді тәжірибелерді интеграциялау болды.

Курс барысында тыңдаушылар білім беру процесінде жеке тәсілдерді қолдануды, цифрлық және тифлотехникалық құралдарды тиімді пайдалануды, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды дамыту жолдарын, сондай-ақ оқу материалдарын бейімдеу мен пәнаралық өзара әрекеттесу тәсілдерін меңгерді.

Сонымен қатар, инклюзивті білім беру талаптарына сәйкес білім беру процесін үйлестіру, тыңдаушы педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, оқу жоспарының орындалуын бақылау, тәжірибе алмасу мен практикалық тапсырмаларды ұйымдастыру, сондай-ақ курс аяқталған соң педагогтерге консультациялық қолдау көрсету шаралары жүзеге асырылды.

Курс соңында қатысушылар қорытынды тестілеуден өтіп, сертификаттарға ие болды.

ПІКІРЛЕР6
Аноним 20.09.2025 | 11:13

Көзі нашар көретін балалармен жасаудағы казырғы заманауи технологиялармен танызып.Көп сұраққа жауап алдық.

Аноним 20.09.2025 | 13:31

Өте керемет курс болды, басқа облыстан келген әріптестермен пікір алмасып, өз тәжірибиелерімізбен алмастық, практикалық тапсырмалау ұйымдастыру бооды, осы орталыққа алғысымыз шексіз

Аноним 20.09.2025 | 16:52

Курс жоғврғы деңгейде болды!

Аноним 20.09.2025 | 17:10

Мен, Налибаева Мақпал Аманжоловна осы курсқа қатыстым. Курс барысында берілген құнды мәліметтер мен тәжірибелік дағдылар кәсіби біліктілігімді арттыруға, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыстың сапасын жақсартуға зор ықпал ететініне сенімдімін!

Аноним 20.09.2025 | 17:39

Мен осы оқуды оқығаныма өте қуаныштымын мен бұл жерден көп деген мағлұматтар алдым әрине әліде үйренеріміз көп біздің сіздерге үлкен алғысымды білдіремін …. Осы өмірде болып жатқан жағдайларға көзімізді жұмып отыра алмаймыз кішкене болсада көмегімізді тигізсек нұр үстіне нұр болатын еді 👏🏻👏🏻 әрине сабақ берген барлық апайлар ең жоғарғы білімді білікті мамандар 👍🏻👍🏻👍🏻 мен қуаныштымын сол кісілерден дәріс алып жатқаныма!!! еңбектеріңіз өрлей берсін ✊🏻✊🏻✊🏻

Аноним 21.09.2025 | 23:52

Мен, Павлодар қаласынан Наскенова Айгүл дефектолог, бұл курстардан менде өттім, көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыс істеуді тереңірек меңгеру ерекше құнды болды. Мен коррекциялық педагогика әдістерін терең зерттедім, мұндай балалармен тиімді өзара әрекеттесу жолдарын үйрендім, олар үшін қолжетімді әрі дамытушы білім беру ортасын құруды меңгердім. Бұл білім мен үшін жаңа кәсіби көкжиектерді ашып, әрбір балаға сапалы әрі жанашыр қолдау көрсетуге деген ынтамды нығайтты. Сіздерге көп рахмеет!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір