Темірланның темір қақпасы
02.09.2025
327
0

2025 жылы 26 тамыздағы Алматыдағы чемпиондар лигасына іріктеу ойынында «Қайрат» пен Сэлтик футбол командаларының жекпе-жегінде қақпашымыз Темірлан Анарбеков пенальтиде үш допты кері қайтарды. Бұл – футболда өте сирек кездесетін керемет жетістік.
Баяғы «Қайраттың» даңқты қақпашысы Құралбек Ордабаевты еске түсірді. Темірлан Қайраттың екінші қақпашысы екен, енді Қазақтың бірінші қақпашысына айналды.
Ертең чемпиондар лигасында әлемнің әйгілі футбол клубтары «Реал», «Барселоналармен» кездескенде де, Темірланның темір қақпасы сыр бермеуін тілейік.
Алла жар болсын!

Қазыбек ИСА

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір