Байқауға қатыс, бағыңды сына!
02.09.2025
215
0

2018 жылдан бері «Заң» Медиа-корпорациясы» ЖШС үзбей ұйымдастырып келе жатқан республикалық детектив шығармалар байқауы биыл да жалғасады. Сегізінші жыл өткелі отырған байқау бүгінге де­йін талай жаңа туындының дүниеге келіп, талай талант­тың танылуына септігін тигізді.
Байқауға детективтің табиғатын түсінетін, шытырман шығарма жазуға шебер авторлар қатыса алады. Талап қарапайым: Шығарма Times New Roman қарпімен 14 шрифте,
1 интервал жиілікпен теріліп, 15 бет­тен аспауы керек.
Сонымен қатар байқауға қатысушылар көмегімен қазақ детективінде бірегей ізкесушінің бейнесін қалыптастыру мақсат етіліп отыр.
Өздеріңіз білесіздер, ағылшын жазушысы Артур Конан Дойлдың қаламынан туған Шерлок Холмс – әдеби персонаж. Жазушы қиялының жемісі саналатын осы ізкесушіні әлем халқы таниды, жақсы көреді. 1990 жылы Лондоннан ашылған музей-үйі сөзіміздің нақты дәлелі. Бүгінде бұл музейге келушілерде есеп жоқ. Шерлок Холмс бейнесі ағылшын ізкесушілерінің мықтылығын, даралығын дәлелдеді. Қиялдан туған кейіпкердің көмегімен бұл елге келетін туристер қатары арт­ты.
Ендеше, қазақтың өз ізкесушісінің образын қалыптастыруға не кедергі? Мұндай айтулы тұлғаны қаламның күші, қиялдың ұшқырлығымен жасайтын – сіз бен біз!
Құрмет­ті байқауқауға қатысушылар!
Ішкі істер министрлігінің білікті мамандарымен ақылдаса отырып, сіздерге ұсынып отырған бірегей ізкесушінің бейнесі төмендегідей:
Тергеушінің /жедел уәкілдің/ сипат­тамасы:
Қайсенов Абылай Әзімханұлы.
* Жасы: 40 –50 аралығында;
* Қалалық ІІД Тергеу басқармасы басшысы, шені – полковник.
* Жоғары білімді, арнайы оқу орнын аяқтаған
/бірге оқыған достарымен әрдайым хабарласып тұрады/.
* Орта денелі, бойы 170 –180 см. Салмағы 83 кг.
* Жас кезінде спортпен кәсіби түрде шұғылданған
/күрес түрлерінен спорт шеберіне үміткер; осының арқасында елде ғана емес, шет мемлекет­терде де спортшы таныстары көп. Спортпен әлі күнге тұрақты айналысып тұрады. ІІМ қызметкерлері арасында өткізілетін турнирлердің жеңімпазы;/
* Отбасылы. 2 ұл, 1 қызы бар.
/Үлкен ұлы – Медғат, IT саласында қызмет етеді, жеке кәсіпкер. Екінші ұлы – Қасым, ЖОО студенті. Қызы – Еркеназ орта мектептің 9-сынып оқушысы.
Әйелі Айша /емханада дәрігер/
* Ата-анасы Астана қаласында тұрады, екеуі де зейнеткер. /Олармен, туыстарымен, достарымен байланысты үзбейді;/
* Жұмыста қатал, бір істі қолға алса нәтиже шығармай тынбайды; мәселені қазбалап, бүге-шігесіне де­йін зерт­теп, мән-жайды анықтуды әдет қылған.
* Уәдеге берік, тік мінезді, алайда әр істі ақылға салып, аналитика жасап шешім қабылдауды жөн санайды;
* Жауапкершілігі жоғары, кәсіби шебер маман ретінде кейде басқа өңірлерге іссапарға шығып тұрады /жедел-тергеу тобы құрамында күрделі істерді тергеу үшін/;
* Адамдармен қарым-қатынаста сыпайы, ортада өзін ұстай біледі, кіші демей, үлкен демей барлығына құрметпен қарайды. Қиналған адамға көмектесуге, қол ұшын созуға дайын тұрады.
* Атыс қаруын жақсы меңгерген.
* Бос уақытында балық аулағанды жақсы көреді. Отбасымен табиғат аясына шығып демалғанды ұнатады;
* Салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты мықты ұстанады, жөн-жосықты жақсы біледі;
* Криминалистика бойынша үнемі оқып, ізденеді.
* Адал, жемқорлыққа жаны қас.
Бұл – біз ұсынып отырған кейіпкердің жалпы сипат­тамасы. Ал бас кейіпкердің қасиетін әрі қарай даралау, қандай қылмысты аштырып, қандай жұмбақты шештіру, ең бастысы, ізкесушіден жағымды бейне қалыптастыру – сіздің қиялыңыз бен шеберлігіңізге байланысты.
Қосымша сұрақтарыңыз бен шығармаңызды zangazet@mail.ru электрондық поштасына «Байқауға!» деген белгімен жолдай аласыз!
Байланыс телефоны: Айнұр — 87011220940

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір