…«Қуанған мен қорыққан бір – жыла, балам!»
02.08.2024
33
0

…Жыла, балам! Еліңді жеңістің алтын шыңына алып шыққаныңа жыла!
Етекте жетпей кеткен жеңістердің көптігіне жыла!
Жақсылық Үшкемпіровтей ағаңның сенің мына өз жеңісіндей болған ұлы жеңісіңді көре алмай кеткеніне жыла!
Қазақ халқының көп істе елге есесі кетіп жүргеніне жыла!
Үш Олимпиадаға ат ерттеп барып, үшеуінен де медаль – алтын, күміс, қола әкелген жалғыз қазақ спортшысы екеніңе жыла!
Сенің бүгінгі ұлы жеңісің ертеңгі бауырларыңа үлгі болып, оларды ел намысын қууға тобымен тартатындығына жыла!
Әлем бойынша шеберлер тізімінде 22-орында тұрып, ойып тұрып 1-орынды жеңіп алғаныңа жыла!
Бүкіл Отаның сенің жеңісіңе көз жастарын төгіп отырып, қуанғанына жыла!
Бір азамат Отан алдындағы борышын өтеп кетуге міндетті болса, сондай аз ғана азаматтың қатарына өзіңнің қосылғаныңа жыла!
Жылап тұрып қуан, айналайын, Елдосжан!
Сен жеткізген жеңістен соң халқың да жылауын қойып, балаша қуанады. Жылау аз болсын, бақыт мол болсын, балам!

Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір