Жаратылыстану пәндері бойынша педагогикалық мамандықтардың студенттері арасындағы III халықаралық студенттік олимпиада
02.05.2024
670
1

2024 жылдың 27-28 сәуірінде Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен жаратылыстану пәндері бойынша педагогикалық мамандықтардың студенттері арасында III халықаралық студенттік олимпиада өтті. Биылғы жылғы олимпиада академик Қ.И.Сәтбаевтың 125-жылдығына арналды.

Олимпиаданың мақсаты — жастардың интеллектуалдық дамуы, кәсіби өсуі және педагог мамандығын танымал ету үшін қолайлы жағдайлар жасау, сонымен қатар студенттердің тұрақты даму мен климаттың өзгеруінің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға көмектесу, оқуды, зерттеуді ынталандыру және адамзат пен планеталардың тұрақты болашағын қамтамасыз етуге бағытталған тұжырымдамалар мен шешімдерді іс жүзінде қолдану.

Олимпиаданың ашылуында Абай атындағы ҚазҰПУ стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректор Айгүл Искакова, Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры Жарқынай Хаджимұқанова сөз сөйледі.

Бұл шараға әрқайсысы үш қатысушыдан тұратын 13 команда қатысты:

1. Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті (Өзбекстан);

2. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;

3. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;

4. Термез мемлекеттік университеті (Өзбекстан);

5. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті (Өзбекстан);

6. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті;

7. Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті;

8. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті;

9. Бабур атындағы Әндіжан мемлекеттік университеті (Өзбекстан);

10. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;

11. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті;

12. Термез мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан);

13. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.

Олимпиада 3 кезеңнен тұрды: 1-ші — «Педагогика бізді біріктіреді» тақырыбы бойынша топтардың таныстырылымы, 2-кезеңде оқыту әдістері мен тұрақты даму мәселелері бойынша тақырыптар бойынша кемінде 500 сөзден тұратын эссе жазды. 3-кезең «Климаттың өзгеруі және тұрақты даму» тақырыбы бойынша қорғау болды. Екі күн бойы студенттер өз білімдерін, белсенділіктерін көрсетті.

Болашақ мұғалімдер сайысының қорытындысы бойынша командалық бірінші орынды Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, екінші орынды Термез мемлекеттік университеті (Өзбекстан) мен Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің командалары, үшінші орынды Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, З.М. Бабур атындағы Әндіжан мемлекеттік университеті (Өзбекстан) және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттері иеленді.

Осы екі күн ішінде қатысушылар өздерінің білімдерін көрсетіп, бәсекелестік рухын шыңдап қана қоймай, достық және қуанышты жағдайда халықаралық қарым-қатынаста құнды тәжірибе жинақтады деп шын жүректен сенеміз. Олимпиаданың барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына осы іс-шараның сәтті өтуіне қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз!

ПІКІРЛЕР1
Қонақ 03.05.2024 | 17:54

Керемет ұйымдастырылған олимпиада болды! Осындай іс-шараларды ұйымдастырушыларға алғысымыз гексіз!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір