«ҚАЗЫҒҰРТ»
18.03.2016
1237
0

Рисунок (10) Жуырда   Оңтүстік  Қазақстанда Жазушылар одағының облыстық филиалының ұйымдастыруымен ақын-жазушылардың жыл қорытындысы өтті.

Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек  Сәдібекұлы, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының  бірінші орынбасары, ақын  Ғалым Жайлыбай, Одақ төрағасының орынбасары, «Қаламгер-Меdiа» орталығының директоры, ақын Жанарбек Әшімжан  және  аймақтағы Мархабат Байғұт, Нармахан Бегалиев, Ханбибі Есенқара бастаған  өзге де  ақын-жазушылар қатысты.  Филиал басшысы, ақын  Бақытжан  Алдияр  жыл бойына жазылған шығармаларға  қатысты  баяндама  жасады.  Одан бөлек, поэзия, проза және жастар әдебиетіне қатысты баяндамалар  оқылды. Шара барысында бұрын жарық көріп, кейін қаржылық қиындықтарға байланысты шығарылуы тоқтап қалған  «Қазығұрт» атты әдеби журналдың жаңа нөмірінің тұсаукесер рәсімі  өтті. Жиналған жұртшылыққа  басылымның алғашқы шығарылымы  тарту етілді.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір