Абай университетінің жас ғалымдары ғылымның дамуына үлес қосуда
08.04.2024
922
0

Абай атындағы Қазақ ұлтық педагогикалық университеті қазақтың жоғары білімінің қарашаңырағы ғана емес, сондай-ақ, ғылыми зерттеулерді жүргізудің және ғылыми кадрларды даярлау мен ғылыми тәлімгерліктің де ордасы. 96 жылдық тарихы бар оқу орнында ғалымдардың ұрпақтар сабақтастығы дәстүрге айналып, жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу саласындағы игі істері университеттің ғана емес, еліміздің ғылым саласының дамуына зор үлес қосып келеді.

Қазіргі таңда, Ғылым комитетінің қаржыландыруымен университет базасында жүзеге асырылып жатқан 55 жобаның 28-іне жас ғалымдар жетекшілік етеді. Оның ішінде 1 жоба — мақсатты қаржыландыру бағдарламасы бойынша, 5 жоба — гранттық қаржыландыру, 4 жоба — Жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша және 22 жоба «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша орындалуда. Алиаскаров Д.Т., Шакирова Н.Д., Билялов Д.Н., Сабирова Д.А., Усенов Н.Е., Умирбекова А.Н., Ревшанова М.И., Сыздыкбаева А., Жанысбекова Э., Адилов М., Оспанбеков Е.А., Атабекова Б.Б., Рысхан А.Р., Сабитқызы А., Байжигит Б.С., Куттыгалиева А.Р., Асымова Д.Б., Рахимова Г.Н., Омирбекова Ж.М., Бейкитова А.Н., Саметова Ж.Ш., Орынбаева Д., Конкабаева Н.Н., Тілеуберді Е., Сейлхан А.С., Бақыткәрім Ы., Садирбекова Д., Жумабаева Ж. сынды жас ғалымдарымыз ғылыми жобалар бойынша зерттеулерді сәтті жүзеге асыруда.

2023 жыл бойынша университет ғалымдары Scopus деректер базасында 244 мақала және Web of Science базасында 123 мақала жарияласа, олардың жартысынан астамын дайындауға Жас ғалымдар үлес қосқан.

Соңғы жылдары университеттің жас ғалымдары бірнеше республикалық және халықаралық конкурстарда топ жарып, жеңімпаздар қатарынан көріне білді. Бұл қатарда «ЖОО үздік оқытушысы» жеңімпаздары (Алиаскаров Д.Т., Лайсханов Ш.У., Рысхан А.Р., Бекенаева К.С., Сабирова Д.А., Байшемиров Ж.Д. және т.б.), «Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия» иегерлері (Байшемиров Ж.Д., Сейлхан А.С., Уайдуллақызы Э., Лайсханов Ш.У. және т.б.), «500 ғалым» бағдарламасы бойынша Болашақ халықаралық стипендиясы иегерлері (Килыбаев Т.Қ., Жунусбекова А., Сейілхан А.С., Сабирова Д.А., Умирбекова А.Н. және т.б.), Тұңғыш Президент Қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» бәйгесінің Драматургия номинациясы бойынша Гран-При иегері (Байбол Ә.) бар.

Университетіміздің жас ғалымдары отандық және шетелдік консультативтік-кеңесшіл және қоғамдық ғылыми ұйымдарда белсенді жұмыс істеп келеді. Осылайша, еліміздің ғылым саласында болып жатқан өзгерістерге бей жай қарамай ғылым саласындағы заңнамалық құжаттардың, мемлекеттік бағдарламалардың, ережелердің және тағы басқа нормативтік-құқықтық құжаттардың мазмұндарына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу, жас ғалымдардың құқықтарын қорғау, қоғамда ғылымды насихаттау және талантты жастарды ғылымға тарту сияқты жұмыстарда белсенділік танытуда.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының үздік 50 ПОҚ бас рейтингісіне жас ғалым, постдокторант Тілеуберді Ербол енді.
Ағымдағы жылы университетіміздің Жас зерттеушілер кеңесінің төрағасы – Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлы ҚР Президенті жанындағы ҰҒА Жас зерттеушілер кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Сейілхан А.С. ҚР Ұлттық ғылыми кеңестің, Байбол Ә.У. Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан авторлары қоғамының белді мүшесі болып табылады. Сонымен қатар, біздің жас ғалымдар «Қазақстан жас ғалым-педагогтар қауымдастығының» және «Дүниежүзі қазақ жас ғалымдар платформасының» мүшелігінде белсенді еңбек етіп келеді. Бұл деректер біздің жас ғалымдардың отандық ғылыми қауымдастықтағы белсенділігін көрсетеді.

2022 жылы университетіміздің Ғылым департаменті жанынан «Жас зерттеушілер кеңесі» құрылып, қазіргі кезде аталған консультативтік ұйымның құрамына университеттің белсенді 26 жас ғалымы енген. Кеңес қызметінің негізгі мақсаты — жас зерттеушілердің өзара тәжірибе алмасу алаңын құру және олардың ғылыми жұмыстарына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ, университеттің, оның ішінде жас зерттеушілердің ғылыми жетістіктері мен еңбектерін насихаттау арқылы ғылымды танымал ету болып табылады. Жас зерттеушілер кеңесінің өз жұмыс жоспары бар. Жас ғалымдарымыз сол жоспарға сәйкес белсенді жұмыс істеп, университеттің алға қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға өз үлестерін қосуда.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір