КВАРТЕТ
Басы өткен санда
Жанболат АУПБАЕВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
Қазақ әдебиетінің жанашыры, біздің аға буын қаламгерлеріміздің үлкен досы Насыр акамен арада көп уақыт өткен соң қайта жүздескеніміз бар. Бұл 2016 жылдың 5 мамыры күні Түркістандағы үлкен жиында болған еді. Үзілісте ол кісіге арнайы барып амандастық. Ұмытпапты. Сәлемімізді ықыластана қабыл алған қария қазақ зиялылары туралы өзінің өзбек тілінде жарық көрген «Тоидиму йуқотмадим» («Таптым, алайда жоғалтпадым») атты жаңа кітабына пікір білдірген сыншы Құлбек Ергөбектің мақаласын жариялағанымыз үшін сол кезде өзіміз жұмыс істеп жүрген «Егемен Қазақстанға» рахмет айтты.
Сөйтті де жиыннан соң өзімен бірге жүріп, қаланы қатар аралауымызды өтінді. Солай еттік те. Жұбымыз жазылмаған күйі алдымен шаһар шетіндегі «Түрік тілдес халықтар кітапханасының» ашылуына қатыстық. Содан кейін «Түрік халықтары музейіндегі» лента қию іс-шарасын тамашаладық. Ақыр соңында «Түрік халықтары көркемөнер галереясындағы» тұсаукесерден ат басын қайырып, қонақ үйге қарай аяңдадық. Соның бәрінде Насыр аканың аузында тыным болған жоқ. Қазақ-өзбек әдебиеті, оның көрнекті тұлғаларын айтумен болды, жарықтық. Солардың ішіндегі Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқанов және Ғабит Мүсірепов жөніндегі нақты дерек, тың мәліметке толы естеліктері ерекше еді…
Астана
(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)