Қайсар Құсайынұлы
24.02.2017
1546
0

2017 жылдың 19 ақпанында та­рих­шы ғалым, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1968 жылғы түлегі, еңбек ардагері, та­­рих ғылымының кандидаты, про­фессор Қайсар Құсайынұлы 77 жас­қа қараған шағында өмірден оз­ды.
Қайсар Құсайынұлы 1940 жылы Сол­түстік Қазақстан облысы, Сер­геев­ка ауданы, Ибраев атындағы совхозда дүниеге келген.
1959 жылы орта мектепті біті­ріп, осы совхозда кітапханашы бо­лып, еңбек жолын бастаған. 1961 жы­лы С.М.Киров атындағы Қазақ мем­лекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түседі. 1961-1964 ж.ж. Қызыл Армия қа­тарында әскери борышын атқарды. 1964 жылдан Қазақ мемлекеттік университетіндегі оқуын одан әрі жалғастырды. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. 1970 жыл­дың қазан айынан ҚазМУ-дың тарих факультетінің КСРО та­рихы кафедрасына оқытушылық қызметке қабылданды. Оқыту­шы­лық қызмет атқара жүріп, Қазақ­стан тарихы бойынша ғылыми зерт­теу жұмысын да нәтижелі аяқ­тап, М.В.Ломоносов атындағы Мәс­кеу мемлекеттік универ­си­те­ті­нің арнайы кеңесінде «Социально-экономическое развитие Тургайской области в конце ХІХ и в на­­чале ХХ века» атты кандидаттық диссертациясын өте жақсы қорғап шық­ты. Екі тілде оқу методикалық құралдары ғылыми еңбектерін жа­риялай жүріп, тарих ғылымы саласына мол еңбек сіңірді.
Қайсар Құсайынұлы қызмет істеген жылдары университеттің, факультеттің қоғамдық өміріне де белсене араласты. Тарих факультеті партия ұйымының хатшысы және ұзақ жылдар факультет деканының орынбасары қызметтерін атқарды. Қайсар Құсайынұлының еңбегі университеттің «Құрмет» грамоталарымен және бірқатар ректорат алғыс хаттарымен атап өтілді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлт­­тық университеті Тарих, архео­ло­гия және этнология факультеті­нің ұжы­мы марқұмның отбасына, жа­қын туғандары мен ағайын-туыс­тарына көңіл айтады. Қайсар Құ­сайын­ұлы­ның тарих ғылымына сіңірген ең­бек­терін, ұстаздық болмысы мен адам­гершілік қасиеттерін тарихшылар қауымы, әріптестері, шәкірттері ешқашан ұмытпайды. Ардагер аға, бел­гілі ғалым әрі ұс­таз­дың жаны жән­натта болсын!
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факуль­теті­нің ұжымы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір