Сеңгірінде сексеннің
24.02.2017
1182
0

Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы академиялық Опера және балет театрында, өткен ғасырдың алпысыншы жылдары «Абай» мен «Біржан – Сара» операларынан басқа Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Дудар-ай», орыс және шет ел композиторларының операларына қатысып, халық әртістері – Құрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсейітов, Кәукен Кенжетаев, Ғарифолла Құрманғалиев, Ришат және Мүсілім Абдуллиндер, Ермек Серкебаев, Роза Жаманова сияқты майталман өнер жұлдыздарымен бірге жүріп, спектакльдерде ойнап, ән салған, Зайсан қаласындағы аудандық Мәдениет үйінің директоры, халық театрының режиссері, мәдениет бөлімінің инспекторы қызметтерін атқарған қадірлі Көкенай Камалиев көкемізді 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, той иесіне төмендегі жыр жолдарын арнаймыз.

Сексеннің де сеңгірінде
Сері, сырбаз көкем-ай!
Ел ардақтар ер бүгінде,
Ол – Камалиев Көкенай.

Театрда ән салғанда,
Дүйім ел түгел ұйыған.
Алатау да таң қалғандай
Ағыл, төгіл, құйыл ән!

Кәукен, Ришат, Ермекпенен
Ән шырқаған жылдар-ай!
Өнерге жәй тер төкпеген,
Өтем қалай жырламай?!

Өмірде де биік ағам
Төбеңіз көкке тиіп тек,
Әніңізді көрсем әман
Заңғарлардан, биіктен!

Айтпайын әсте өтірік:
Асуды талай аларсыз.
Тоқсан қырдан секіріп,
Жүзге де жетіп қаларсыз!
Мұхамедия ЖҰМАҒАЛИЕВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Алматы қаласы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір