Баянғали Әлімжановтың көптомдығы
20.01.2017
1316
0

Астанадағы «Фолиант» баспасынан   Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  ақын әрі прозашы, драматург Баянғали Әлімжановтың  12 кітаптан тұратын көптомдығы жарық көрді.

Қаламгердің бірінші кітабына әр жылдары жазылған  таңдаулы лирикалық өлеңдері, толғаулары мен эпикалық жырлары және поэмалары топтастырылған. Ал екінші «Театр терезесіндегі сәуле» атты кітапқа бірқатары  облыстық, респу­б­ли­калық  театр сахнасында  қойылған таң­даулы пьесалары жинақталған.   Үшінші   «Күлкімен көмкерілген ой» атты кітапқа қаламгердің прозалық туындылары топтас­тырылды. Көптомдықтың төртіншісі «Қо­расан қарақшының қолмергені» деп аталады. Бұл кітапқа ақынның жаңа өлеңдері мен поэмалары жинақталған. «Қорасан қарақ­шы­ның қолмергені» – қазақ поэзиясындағы ең үлкен поэмалардың бірі. Ол тың тақы­рып­ты қозғайды – жаңылысып түрмеге түскен арманшыл жастың қасіретті тағдыры жайлы толғайды, адамдардың басынан өткен сан алуан, өзгеше трагедиялық жағ­дайларды суреттейді. Бұл кітапқа сонымен бірге «Қазақ көші», «Қыз намысы» поэмаларымен қатар, «Өтірік поэма», «Атланттан атпен өткен аталарым» атты әзіл поэма және кейінгі уақытта жазылған өлеңдері мен ән өлеңдері жинақталған. Ал бесінші  томына  жазушының пьесалары мен сахнаға арналған туындылары жинақталған. Алтыншысына «Алаш пен Манас» айтыстар жинақталса, жетіншісіне ,толғаулар, арнаулар, айтыстар,  сегізіншісіне  балаларға ар­нал­ған өлеңдер, әңгімелер, пьесалар топтастырылған. Тоғызыншы томына бұрынғы кітаптарында жарияланбаған киноповестері мен ертеректе жазылған әңгімелері енген. Оныншы «Разрешите жи­ть!» атты кітапқа орыс тіліндегі шығар­маларының жинағы, ал  он бірінші томына әдеби мақалалары, естеліктері топтастырыл­ған. Сондай-ақ, бала күнінде  туған жерінде, ел аузынан естіген аңыз әңгімелері, көз көр­ген ескінің адамдары туралы, өткен заман мен бүгінгі өмірдің қилы-қилы оқиғалары жайлы қызықты, тартымды жазбалары жинақталған.  Он екінші томына  оның орыс тілді басылымдарға берген сұхбаттары, ақынның шығармашылығы туралы қазақ және орыс тіліндегі мақалалар, зерттеулер мен лебіздер, қызықты деректер жинақ­тал­ған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір