БЕК ТОҒЫСБАЕВ – 80
Әдебиет әлемінде өзіндік із қалдырған қарымды қаламгер, драматург, журналист, көптеген кітаптың авторы Бек Тоғысбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай еске алу кеші Алматы облысы, Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылында өтті.
Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Серікбай Нұрғисаев, Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын Маралтай Райымбекұлы, қарымды қаламгерлер: Бексұлтан Нұржекеұлы, Рафаэль Ниязбек, Мамытбек Қалдыбай, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, марқұмның қызы Айгүл Бекқызы қатысты.
Кеште Балқаш ауданының әкімі Ғалым Тоқпейісов сөз сөйлеп, ҚЖО Басқарма төрағасының орынбасары, ақын Маралтай Райымбекұлы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым Жомарт Тоқаевтың және Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасы Нұрлан Оразалиннің жолдаған хатын оқып берді.
Шара соңында жазушының қызы Айгүл Бекқызы аудан әкімдігі мен кешті ұйымдастырған азаматтарға ризашылығын айтты.