Мергенбай ӘБУОВ
28.10.2016
1891
1

1Тағы бір аяулы әріп­­тесімізден айы­рыл­дық. 76 жасқа қа­ра­ған шағында белгілі ақын Мергенбай Әб­уов өмірден озды.

Мергенбай Әбуов 1941 жылғы 14 мамырда Оң­түстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Жаңа тұрмыс ел­ді­ мекенінде туған. 1956 жылы Қап­ланбек мал­дәрігерлік техникумына түсіп, оны 1960 ж. бі­ті­ріп, 1961 ж. Шымкент қаласындағы Пе­д­инс­ти­тутқа түсіп, 1965 жылы қазақ мек­теп­теріне орыс тілі пә­нінен дәріс беретін мұғалім ма­­мандығы бойынша бітірген. Сол жылдан бастап зейнет­керлікке шыққанша 40 жыл «Қайнар», «Нысанбек» орта мек­тептерінде қызмет еткен.
«Түркілер  түбірің», «Құшағымда  күншуақ», «Ай бетінде кіршік бар», т.б. кітаптары жарық көрген.
Аяулы әріптесіміздің жарқын бейнесі оны білетіндердің жүрегінде ұзақ сақталады.

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының секретариаты.

 

 

ПІКІРЛЕР1
Аноним 27.06.2020 | 13:30

Жаның жәннаттан болсын ұлт жанашыры, рухани дамыған ақиық ақын, білімдар аудармашы, түркітанушы, тарихты жатқа білетін аяулы ұстаз! Енді сіздей дарын иесін ұлықтайтын, зерттеп зерделейтін, еңбектеріңді ақтарып пікір білдіретін кез келді… Ия, «ғалымның хаты өлмейді», — дегендей өзін ақынмын, аудармашының, сыншымын, әдебиет жанашырымын, ғалыммын дегендер ақынның өлеңдерін, аудармаларын зерттесе биік шыңға көтеріліп, таза ауамен тыныстары сөзсіз, һәм рахаттанары хаһ… Қазақ елін осы кісінің аудармалары арқылы Ресейге, тіпті әлемге танытуға болар еді…

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір