АҚСУАТ
28.10.2016
1807
0

img_1926

 

Сөзін жазған: Аманғазы Кәріпжанәулеті
Музыкасын жазған: Мұратбек Сарыбасов

 

 

aksuat-2016

 

Ақша бұлттан әрі асқан

Ай жұлдызбен таласқан

Тарбағатай құт мекен

Ынтымағы жарасқан

Бұйырған елге несібің

Арманның ашты есігін

Қияға қанат  қақтырған

Туған жер алтын бесігім.

 

Қайырмасы:

Пейілдері ақ шуақ

Суаттары нақ шұбат

Жарқырай бер қазақтың

Исі аңқыған Ақсуат.

 

Жадыратқан тірлікті

Базар, Боғас, Кіндікті

Қарғыбаның бойынан

Түлейді екен кіл мықты.

Сыр жасырған әр тасы

Бөртостаған  жартасы

Ғаламда жоқ даламның

Тәңір таққан алқасы.

 

Қайырмасы:

Береке бірлік бақ қуат

Дарыған жер Ақсуат

Сенде өткізген бір күнім

Мың күнімнен жақсырақ.

 

Қыз жаралса намыстан

Ұлдары кілең арыстан

Қазақтығын сақтаған

Біздің дала данышпан.

Жат көңілін жықпаған

Жарастықты құптаған

Амандасқан қонағы

Ауыз тимей шықпаған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір