«ЖҰЛДЫЗЫҢ ЖАНСЫН!»
15 қазанда Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында көрнекті жазушы-драматург, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанәлі Балғабаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Жұлдызың жансын!» атты шығармашылық кеші өтеді.
Әдеби жиында М.Әуезов атындағы және Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық театрлар мен Алматы облыстық Б.Римова атындағы драма театры актерларының және Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының студенттерінің қатысуымен С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек», «Ғашықсыз ғасыр», «Ең жақсы еркек», «Жұлдызың жансын, жаным!» спектакльдерінен үзінділер көрсетіліп, өлеңдері оқылады.
Басталуы: сағат 16.00-де.
Келем деушілерге есік ашық.