СЫРЫМ РАХЫМОВ
23.09.2016
939
0

syrym-rahymovТағы бір аяулы әріп­тесімізден айы­рылдық. 69 жасқа қараған ша­ғын­да белгілі ақын Сырым Ра­хым­ұлы Рахымов өмірден озды.

Сырым Рахымов1948 жылғы 16 қа­рашада Көк­шетау облысы, Зе­рен­ді ауданындағы Қош­қарбай ауылында туған. Өзінің алғашқы ең­бек қадамын ол Бес­көл орта мектебінде пионер вожатыйлы­ғы­нан бастап, әскер қа­та­рын­да азаматтық борышын өтегеннен кейін ком­сомол комитетінің хат­шысы болып істеді. 1973 жылы Целиноград транс­порт құрылысы тех­никумын бітіріп, мастер-ин­женер, 1981 жыл­дан Көкшетау об­лысы азаматтық қорғаныс шта­бының қа­лалық курсының жетекшісі, кейін кадрлар даярлайтын және оқытатын орталықтың жетекшісі болып, ұзақ жыл абыройлы қыз­мет атқарды. Халық депутаттары Көкшетау қалалық кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланып, он бір жылдай Көк­шетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясын басқарды. Туған қаласының мәдениеті мен әлеуметтік саласын дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін оған 2014 жылы Көкшетау қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.

Сырым Рахымұлы көптеген республикалық мүшәйралардың, қа­лалық және облыстық конкурстардың жеңімпазы. «Я стихи на­пи­шу на снегу» және «Осенний поэт» өлеңдер жинағын шы­ғар­ды. «Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл» медалімен, Қа­зақстан Республикасы Президентінің, Ақмола облысы әкімінің, Тө­тенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хаттары және Құрмет гра­моталарымен марапатталды.

Аяулы әріптесіміздің жарқын бейнесі оны білетіндердің жү­ре­гінде ұзақ сақталады.

Қазақстан Жазушылар одағы
басқармасының секретариаты.

 

ПІКІР ҚОСУ