«АЛМАТЫМ – АЯУЛЫМ»
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған Қазақстан Жазушылар одағының поэзия кеңесі, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені ұйымдастыруымен «АЛМАТЫМ – АЯУЛЫМ» атты әдеби жыр кеші өтті. Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Рафаэль Ниязбеков, республикалық «Дәстүр» журналының бас редакторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Қасымхан Бегманов, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Бауыржан Жақып қатысып, өз өлеңдерін оқыды. Заманның, қоғамның, әдебиет пен өнердің, ұлт жанашырларының хал-ахуалына қатысты өзекті ойларымен бөлісті. Республикалық «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алматы облыстық филиалы тыңдаушылары, музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен студенттер қатысқан әдеби кешті С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің басшысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Әділғазы Қайырбеков жүргізді.