ШЫН ТАЛАНТТЫ БАҒАЛАЙТЫНДАР АЗ…
16.09.2016
1357
0

Ермек ТҰРСЫНОВ,
режиссер

ermek-tursunov

Иә, қазір қазақ жастарының көпшілігі шетелге барып оқуды мақсат тұтады. Сол басқа елден алған білі­мі мен тәжірибесін өз халқына жұмсап жатыр ма? Олар қан­дай жаңалықтар әкелді деген сұрақтарға жау­ап беру өте қиын.

Өкінішке қарай, жас­тардың көбі өзінің жеке басының мүддесін көп ойлайтын бол­ған. Әрине, ол да дұрыс қой, бірақ сол ниеттің ірге­сі «еліме қызмет етуім керек» деген мақсаттан құралуы қажет емес пе? Адамды қай жер­де білім алға­нына емес, кә­сі­билігіне қарап бағалау дұрыс болады. Шетел­дердің қай салада болса да, бізден озық келе жат­қаны бәрімізге мәлім. Біздің қазақ жастары жаңа технологиялар мен әдістерді үй­реніп, соның нәтижесін көр­сетсе, нұр үстіне, нұр болар еді. Өкінішке қарай, он­­дай жастарды әзірге мен атап айта алмаймын.

Қазір таза өнерді, ғылым-білімді баға­лайтындар өте аз. Сондықтан да біз­дің халықтың назары ән­ші­лер­де. Бірақ аузын ашқанның бәрі әнші емес қой…

Біз жақсы мен жаманның, шындық пен өтіріктің, шын талант пен дарынсыз­дың аражігін ажырата ал­майтындай дәрежеге келген сияқтымыз. Қазір ән­­ші­лердің көбісі тойға ғана арналған бағ­дарламамен жұмыс жасап жүр. Бұл тек бізде ғана емес, шетелдерде де шешімін таппай жүрген мәселе. Қазақтан шыққан ұлы өнер адамдары Еркеғали Рахмадиев, Сейдолла Бәйтереков және басқа ком­позиторлардың шығар­ма­лары ұмыт болып бара жатыр. Себебі, қазір кез келген адам композитор да, әнші де, режиссер да бола алады. Оның сапасын анықтап, сүзгіден өткізіп жатқан ешбір орталықтар жоқ. Қазір Бетховеннің өзі сахнаға шықса, оны ешкім танымас еді. Өйткені, шын дарындыларды халық білмейді. Оларды насихаттап жатқан ешкім жоқ. Ал өзін-өзі насихаттау үшін қара­жат керек, шенеуніктердің есігін тоздыру қажет бо­лады. Толып жатқан шарттары бар. Нағыз талант­тар­дың тағдыры өте аянышты. Бүгінгі таңда бүкіл әлем шоу бизнесімен өмір сүреді. Тіпті, дүниеге екін­ші Моцарт келсе де, оның аты шыға ма, шықпай ма белгісіз.

Қазір байқасақ, қалада зәулім ғима­рат­тар көп са­лынып жатыр. Бірақ олардың көбі тойхана, қонақ үй немесе сауда  ор­та­лықтары. Қандай да бір мәдениет ошақтарының іргесі қаланып жатқанын көрмейсіз. Бұл ненің белгісі?

Біздің Мәдениет министрлігі бұған онша мән бермейтін сияқты. Бұрын билік мәдениет үйлерін, кітапханаларды, театрларды салуға көп күш салатын. Ал бүгін керісінше кітапханалар жабылып, мә­де­ниет үйлері қирау үстінде. Кейбір ауылды жерлерде осы атал­ған ошақтардың бірі де жоқ. Халық күйбең тір­шіліктен көз ашпайды.

Кинотеатрларда көрсетіліп жатқан фильмдердің барлығы да шетелдік өнім­дер. Бұрын өкімет өнер са­ласын қадағалап отыратын. Барлық сахнаға шы­ғатын өнімдерді, жазылған көркем шығарма­лар­ды арнайы сүзгіден өткізетін. Ал қазір ұялы телефонмен түсірген фильмдерді де тамашалай беруге болады. Бұл – талға­мы­мыздың төмендегенін көрсетеді. Әр адам өз жұмысына адал қызмет етсе, осы кем­шілік­тердің барлығы да түзелер еді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір