НҰРҒОЖА ЖҰБАНОВ
Қазақ фотоөнерінің бір дәуірі Нұрғожа Жұбановтың қазасымен тарих қойнауына кетіп барады. Сырбаз да сыпайы Жұбанов өмірге құштарлығын айқайлап білдірмейтін қазақ қарияларының мектебін жалғастырушы міндетін мүлтіксіз атқарды. Оның суреттері ұлттық қоңыр мінезге бай, ұят пен ынсапты ұстанатын кескіндерден тұратын қоғамдық қызметін де момақан ұяң жаратылысы арқылы жігермен жүргізетін.
Өмірінің соңғы күндеріне дейін «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің, ақылдастар алқасының төрағасы ретінде жастарға ақыл-кеңес, үлгі-өнеге тәжірибелерімен бөлісіп келген еді.
Иманыңыз салауат, топырағыңыз торқа болсын, Нұреке! Марқұмның туған-туыстарына, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі мүшелеріне қайғырып, көңіл айтамыз!
«Қазақ әдебиеті» газеті.