«ТАУҚЫМЕТ»
16.09.2016
1777
0

14355821_1813649595583003_1986348866_nАлматы қаласындағы М.Әуезов әдеби-мемориалдық музей-үйінің мәжіліс залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының  лауреаты, ақын Рафаэль Ниязбектің «Тауқымет» атты  кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Жиын барысында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Гүлжаһан Орда «Асекеңе сөзден соғылған ескерткіш» атты баяндама жасады. Мемлекет және қоғам қайраткері, Асанбай Асқаровтың замандасы Шәңгерей Жәнібеков, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Берік Шаханов, Халықаралық педагогикалық Білім академиясының академигі, қоғам қайраткері Шәмша Беркімбаева, Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының  докторы Темірхан Тебегенов сөз сөйлеп, өз пікірлерін айтты.

Бұл кітапта бірнеше лауазымды қызметтерді атқарып, ерен еңбегінің арқасында Социалистік Еңбек Ері атанған Асанбай Асқаровтың азаматтық болмысы мен асқақ рухы, өжет мінезі шынайы суреттелген. Тағдыр-талайы талқыға түскен Асанбай Асқаров қазақ республикасына ғана емес, бүкіл Одақ көлеміндегі ірі тұлғалардың бірі әрі бірегейі еді. Осындай халқы сүйген азамат өмірінің соңғы кезеңінде жалаға ұшырап, темір торға қамалып, тексіздердің теп­кі­сі­нің астында күн кешіп, адам төзгісіз азап шеккен. Сон­дық­тан автор туындысының атауын «Тауқымет» деп атаған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір