ҚҰРБАН АЙТ

(Толғау-терме)
Әні мен өлеңі – Әлімжан ДӘУІТҰЛЫНІКІ.
Аллаға құлдық ұрғаның –
Арнаған адал Құрбаның!
Намазға бетті бұрғаның – 2 рет.
Болғаны кәміл Иманың! – 2 рет.
Бойыңда болса ар-ұят,
Асқақтайды Иманың.
Ақылды жанға сол мият –
Құрбанға шықсын жиғаның! – 2 рет.
Қайырмасы:
А-й-и –и!
Айналайын, жарандар,
Шын кәдеге жараңдар!
Риза болсын Алла-жар, – 2рет.
Тасада қалыс қалмаңдар! – 2 рет.
Қажылықтың шын келбеті,
Жауғандай жаңбыр селдетіп!
«Қариб» – пенде «жақындаушы» – 2 рет.
Жәннаттың дәмін татушы! – 2 рет.
Тақуалығыңды дәлелдеп,
Ғарып жандарға жәрдем ет!
Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар менен, – 2 рет.
Баласы Исмаилдан келген. – 2 рет.
Қайырмасы:
Алладан алыстағаның –
Ашық күнде адасқаның!
Қымбат бұйым сыйлағаның – 2 рет.
Құран-Кәрім тыңдағаның! – 2 рет.
Ұғу үшін өмір киесін,
Таны оның Нағыз Иесін!
Өзгенің бәрі – өткінші, – 2 рет.
Алла Хақ ғана Шын Есім! – 2 рет.
Қайырмасы.