ШӨМІШБАЙДЫҢ «ТАҢДАМАЛЫСЫ»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты, «Жыл Адамы – Алтын Адам», Қазақстан меценаттар клубының, «Платиналы Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, көрнекті ақын Шөмішбай Сариевтің «Таңдамалы» кітабы «Айғаным» баспа үйінен жарық көрді.
Ақын Шөмішбай Сариев 2000 жылы Бухаресте «ЮНЕСКО» ұйымдастырған Румынияның ұлы ақыны Михаил Эминескуге арналған бүкіл дүниежүзі ақындарының бас қосқан симпозиумына Қазақстан және Орта Азиядан қатысқан жалғыз ақын, Парижде өткен дүниежүзілік «Ақындар көктемі» фестиваліне қатысып, өлеңдері француз тіліне аударылып, «Дала желі» жыр жинағына енген. Қазақтың жеті ақынының бірі ретінде Америкада жарық көрген «Ұлы дала жыры» энциклопедиясына енген. «Теңізден соққан жел лебі» атты таңдамалы өлеңдері үнді тіліне аударылып, Дели қаласында өткен тұсаукесер тойына қатысты. Бұл «Таңдамалы» – ақын Шөмішбай Сариевтің Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына тартуы.