«СЫР МЕН САРЫСУ»
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» кіші бағдарламасы бойынша Алматыдағы «Ан Арыс» баспасынан көрнекті қаламгер Сұлтанәлі Балғабаевтың «Сыр мен сарысу» атты жаңа кітабы жарық көрді.
Қаламгердің үш томдық шығармалар жинағының бірінші томына «Дала мен дария», «Ұрпақ», «Кіндік қаның тамған жер», «Қара жөң мінген шал Абыл», «Қызыл сырнай» атты оқырманға жақсы таныс повестері енген.
Бұл шығармаларына жазушы өзі туып-өскен Сарысу даласы мен Сыр бойындағы жерлестері мен замандастарының тұрмыс-тіршілігін, болмыс-бітімін, жан дүниесі мен алуан түрлі тағдырын арқау еткен.