ГӨЙ-ГӨЙ
26.08.2016
1106
0

18.VIII.2016.

Индираға.

Бүгін,

Жаным,

Бүгін:

Сенсіз –

Батар…

Күнім!

Інге кірген –

Жыландай:

Жұтылып –

Тұр…

Тілім!

Келдім.

Көрдім.

Көндім:

Аруладым –

Көмдім…

Көптен –

Ашына-Қайғымның:

Қойынына –

Қайта…

Ендім!

Хақ-Құрығы –

Ұзын:

Ауыр –

Татқан-Тұзың…

…Енді,

Байғұс –

Әкеңе:

Не –

Істе дейсің,

Қызым?!                              

ИРАН-ҒАЙЫП.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір