Нұрбибі ОМАР
05.08.2016
2130
0

Нурбибі ОмарТағы бір аяулы әріптесімізден айырылдық. 62  жасқа қараған ша­ғында белгілі ақын, журналист Нұрбибі Омар дүниеден өтті.

Нұрбибі Омар 1955 жылы 15 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында туған. Өлеңдері мектеп оқушысы кезінен-ақ  ау­дандық, облыстық газеттерде жариялана бастаған. 1977 жылы Ташкенттің Низами атындағы педагогика институ­тының филология факультетін бітір­ген.

Көп жылдар Өзбекстандағы «Бостандық дауысы», «Нұрлы жол» газеттерінде қызмет еткен. Елге оралғаннан кейін «Замана», «Ақиқат» газеттерінде жұмыс істеп, қалың оқырманға қалам қарымымен танылған.

Өлеңдері Өзбекстан мен Қазақстанның республикалық басылымдарында және «Балауса», «Елқин»  (өзбек тілінде) жыр жинақ-тарында жарық көрген. Ол «Жансәуле», «Сағыныш сағымдары», «Құлпырған қызғалдағым ең», «Бақытсыздықтан бақыт тап», «Жақсы жоқ  деп айтпа», «Ақындықты аруақ жолына айырбастаған қыз» сынды онға жуық кітаптың авторы атанды.

Саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған аяулы әріптесіміздің жарқын бейнесі оқырмандары мен әріптестерінің жүрегінде ұзақ сақталады.

Қазақстан Жазушылар одағы
басқармасының секретариаты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір