Интернет-алаяқтықтан сақтан
04.08.2026
31
0

Итернеттің пайдасы орасан, алайда зияны да шаш-етектен екені белгілі. Интернет-алаяқтық – бұл желі пайда болғанға дейін болған алаяқтық схемалардың кезекті нұсқасы. Ол онлайн-шопинг және электрондық коммерция­ның өзге түрлерінің танымалдылығымен бірге дамыды.

Пайдаланушыларды алдау үшін интернет-алаяқтар электрондық поштаны, түрлі чаттарды, форумдарды және жалған веб-сайттарды пайдаланады.
Интернет-алаяқтықтың көбеюіне бірқатар фактор себеп болып отыр. Оның ең алғашқысы, қазіргі таңда ақпараттық құрылғылардың адамның күнделікті өмірінде жиі қолданылуы. Мысалы, онлайн тауар сатып алу, жалға алу, ақша жіберу, интернет-банкинг және т.б. интернет арқылы жасалатын қызметтер. Тағы бір себеп – көптеген адамдардың қашықтықтан үйде отырып жұмыс істеп, онлайн тауар сатып алу, онлайн жеткізу, онлайн тапсырыс беру қызметтері және т.с.с. Бірақ ең басты себеп – ол адамдардың аңқаулығы деуге болады. Өйткені интернет-алаяқтықтың дені интернет желісін­дегі WhatsApp, Insragramm, Telegramm және т.б. мессенджерлер арқылы жасалады. Ал жәбірленушілер интернетпен байланысты қандай да бір әрекет (сату, сатып алу, жалға алу, қаражат жіберу) жасау кезінде кіммен сөйлесіп отырғанын және қандай тауар сатып алып жатқанын нақтыламай тиынын алаяқтарға ұстатып жібереді.
Интернет-алаяқтықтың ең көп таралған түрлеріне келер болсақ, азаматтардың қандай да бір тауарды (көлік, көлік саймандары, киім-кешек, үй-құрылғылары, балалар ойыншығы, тұрмыстық заттар және т.б.) сатып алғысы келіп алдын ала төлем жасайды. Одан кейін алаяқтар хабар-ошарсыз кетеді немесе керісінше азаматтарға тауарларды сату кезінде олардың банк карточкаларының реквизиттерін, СМС-хабарламаларын сұрап алып олардың шотынан ақша ұрлайды.
Қандай жағдай болмасын телефоныңызға келген банктің бір жолғы СМС-хабарламаларын ешкімге көрсетпеңіз, жібермеңіз. Құжаттарыңыздың көшірмесін ешкімге жолдамаңыз. Кез келген азамат осындай қарапайым ережелерді назарда ұстаса, алаяқтықтың азаюына әсері болады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір