Жыр мен гүл
31.03.2026
65
0

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалымен бірлесіп, 8 нау­рыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Жыр мен гүл» атты еркін форматтағы поэзиялық кеш өтті.

Мерекелік кешке Жетісу өңірінің белгілі ақын-жазушылары мен әдебиетсүйер қауым қатысты. Олардың қатарында жазушы-драматург, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары Л.Егембердиева, Н.Бектемірова, балалар тақырыбына қалам тербеп жүрген ұстаз, ақын Ж.Балақаранова, сондай-ақ ақындар Г.Демеуова, Р.Жылқайдарова, Г.Қасен, З.Әуезова, З.Нұрданбек,
Қ.
Сейітжанқызы жас ақындар Л.Жанбота, Г.Кеңес, П.Алмазова және
журналист- жазушы А.Қасенова болды.

Кеш барысында ақындар бір-біріне арнау өлеңдерін оқып, «Сұлулыққа сұлу сөз» атты поэзиялық бөлімде жүрек тербейтін жырларын көрерменге жеткізді. Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншілері әсем әндерін тарту етті.

Мерекелік шара соңында әдебиет пен мәдениет саласына сүбелі үлес қосқан жазушы, драматург, Халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлығының лау­реаты Лидия Егембердиеваны мерейлі 75 жасымен филиал төрағасы Жангелді Немеребай мен кітапхана басшысы Самал Қанатханқызын құттықтап, ұйымдастырушылар тарапынан құрмет көрсетті.

Лина АЙДЫНҚЫЗЫ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір