«ЕР АНА»
02.12.2025
265
2

«Алматы қаласы музейлер бірлестігіне» қарасты С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінде қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің «ЕР АНА» атты әңгімелер жинағының таныстырылымы өтті.

Кітап Қарағандыдағы «Qasymkitap» баспасынан жарық көрген. Көлемі – 486 бет. Құрастырушысы –
Ә.Қайырбеков. Жинаққа жазушының «Өмір жорығы», «Шұғыла», «Ер ана», «Автобиографиялық әңгіме», «Жапон балладасы» т.б. отыз екі әңгімесі енген. Кітап таныстырылымында Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегман, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Гүлзия Пірәлі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қауымдастырылған профессоры Ерлан Қасен, ҚР Білім беру ісінің үздік қызметкері, ақын Кәмнұр Тәлімұлы, Гүлнәр Ғабитқызы Мүсірепова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Еркін Шүкіман қатысып, ой-пікірлерімен бөлісті. Кешті ақын, Қазақстанның құрметті жазушысы Әділғазы Қайырбеков жүргізіп отырды. Ғ.Мүсірепов атындағы №186 гимназияның мұғалімдері, музей қызметкерлері, студенттер қатысты.

ПІКІРЛЕР2
Аноним 02.03.2026 | 11:27

Ойй

Аноним 02.03.2026 | 11:28

қазақстан алалға

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір