«ҰЛЫТАУДЫҢ ҰЛЫМЫН»
10.06.2016
1380
0

ZH.ErmanӨткен дүйсенбі күні Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында көрнекті ақын, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі дүркін лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның 65 жасқа толуына орай «Ұлытаудың ұлымын» атты шығармашылық кеші өтті.

Жиында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев сөз сөйлеп, әкімнің ақынға құттықтауын тапсырып, иығына шапан жауып, сый-сияпат жасады. Одан соң мерейтой иесінің туған өңірі – Қарағанды облысынан арнайы келген өкілдер сахнада сый-құрмет көрсеткен соң, республика қаламгерлері атынан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай Одақ Төрағасы, сенатор Нұрлан Оразалиннің құттықтауын оқып, дәстүрлі сияпатымен өз арнау өлеңін оқыды. Қазақтың кино және театр өнерінің дарабоз ардагері, халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Асанәлі Әшімов сахнаның сәнін келтірді. Сыншы Әмина Құрманғалиқызы ақын өлеңдерінің ерекшеліктеріне тоқталды. Кеш барысында Жүрсін Ерманның өлеңдеріне жазылған әндер орындалып, айтыскер ақындар өнер көрсетіп, жиынды әзіл-қалжыңға ұластырды.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір