МЕДЕЯ
Мейірім қатыгездікті тұсаулай алады. Өзімшілдік тудырған қызғаныш өшпенділікке қанат бітіреді. Медея өзінің Ясонға деген махаббаты үшін одан шексіз қайырым күтсе, Медеяның сұлулығына арбалған Ясон оның өзіне деген махаббаты қайтсе де өшпес деп ойлады.
Ясон өзінің байлық пен мансап алдындағы әлсіздігін балаларына деген «қамқорсыған» сезімімен көмкергісі келгендей… Қанағат тек байлық пен мансапқа ғана емес, сезім мен мейірімге де қажет ұғым. Еврипид қазақ сахнасынан осылай дейтіндей…
М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Еврипидтің «Медея» трагедиясын Қ.Жұмалиевтің аудармасымен сахналады. Қоюшы-режиссер – А.Қабдешова. Басты рөлде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Д.Жүсіп. Рөлдерде Қ.Набиолла, Б.Манжигитов, Е.Бектасов, Ә.Сайлауова.