«Шерағаның шекпенінен шыққандар»
07.10.2025
134
0

28 қыркүйек күні қазақ әдебие­тінің абыз тұлғасы, көрнек­ті жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туған күніне орай әдеби кеш өтті.

Шара Тараз қаласындағы жазушы ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталып, кейін қонақтар Жуалы ауданы, Талапты ауылындағы Шерхан Мұртаза атындағы мемориалды үйге ат басын бұрды.
Әдеби кешке жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Кәдірбек Сегізбайұлы, жазушы, журналист, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жанат Елшібек, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мағира Қожахметова, ақын, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов, публицист-жазушы Талғат Айтбай, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай, ҚР Ақпарат саласының үздігі Гүлзейнеп Сәдірқызы, сыншы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әмірхан Меңдеке, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлы, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрғали Ораз, жазушы, журналист, «Жалын» журналының бас редакторы Құдияр Біләл, Шерхан Мұртазаның қызы Алма Мұртаза арнайы қатысты. Олар Шерағаның әдебиет пен журналистикаға қосқан үлесі мен ұстаздық жолы туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.
Әдебиет майталмандарына ұйым­дастырушылар тарапынан шапан жабылып, ерекше ілтипат көрсетілді.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай қатысып, «Шерағаның шекпенінен шыққандар» атты жаңа кітаптың тұсауын кесті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір