КІМДІ ОҚЫДЫМ?
03.06.2016
1152
0

802626_1738543501_14Ахметжан АШИРИ,
жазушы

Бір жылды қорытындылаған үлкен әдеби жиналысқа дейін мен кімдерді оқыдым? Ғаббастың сатираларын оқыдым. Иранбектің «Хайуандық комедия» деген пьесасын оқыдым, Балғабаевтың  әкемтеатрда қойылған пьесасын көрдім. «Қазақ әдебиеті» газетіне шыққан Ғалым Жайлыбайдың керемет  өлеңдерін, Нұрлан Оразалинді оқыдым. Содан кейін менің үлкен қуанышым – Бексұлтанның кітабы. Ол – үндемейтін  данышпан. Ақылдылар көп қой, бірақ данышпан жазушы осы жігіт екен деп есептедім. Содан кейін менің тағы бір айтатыным, жазушылар бір-бірімізді оқысақ деп ойлаймын. Ұйғыр жазушыларының да шығармаларын оқуға сіздерден өтінген болар едім. Бір түркі халықпыз ғой, тіліміз, дініміз бір, оқысаңыз жақсы болар еді. Ал енді мынау тәржімаға келетін болсақ, біздің шамамызға қарай 23 жазушымыз бар қазақ, орыс, түрік  тілінде шығып жатыр, бұл да үлкен бақыт. Осы мінберде тұрып, жазушыларымыздың шығармаларын ұлы қазақ оқырмандарына таныстырып жатқан «Жұлдыз» журналына, «Қазақ әдебиеті» газетіне иман нұрымен, шын жүрегіммен рақмет айтқым келеді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір