Құзға өрмелеушілер күш сынасады
02.09.2025
137
0

2025 жылғы 29–31 тамыз күндері Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Азия Кубогы өтеді. Құрлықтық бәсекеде 10-нан астам елдің спортшылары бақ сынайды.

Байрақты бәсеке «Шабыт» жазғы амфитеатрының маңайында өткізіледі. Турнирге Қазақстан, Қытай (Гонконг), Үндістан, Иран, Жапония, Сингапур және Корея Республикасының Ұлттық құрамалары қатысады. Алматыға әлемдік рейтингтің алдыңғы қатарында тұрған Азияның ең үздік құзға өрмелеушілері жиналады.
Үш күн бойы спортшылар екі бағдарлама бойынша күш сынасатын болады. Олар «жылдамдық» және «қиындық» жаттығулары.
Турнирді Алматы қаласындағы «Шабыт» жазғы амфитеатры қабылдайды.

Өз тілшімізден

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір