ЖЕР
03.06.2016
1453
0

НотаСөзін жазған: Төреғали ТӘШЕНОВ
Әнін жазған: Өрікгүл ӨТЕМІС-ЖАНЫС

 

Жер – әкемнің тері екен ғой,

Жер – анамның көзі екен ғой.

Жер жамылып кете барар,

Бес қабатты бөз екем ғой.

Басқан із бен көрген қызық,

Жерге шыққан шөп екен ғой.

Жер – адамның өзі екен ғой…

Жер – Тәңірдің төрі екен ғой,

Шөккен жардай шер екен ғой.

Көшкен нардай бел екен ғой.

Жер дегенің – Ел екен ғой.

Ағытылған төл екен ғой,

Мен екем ғой, сен екен ғой,

Қаратаудай қол екен ғой.

Жерімен ел жұрт екен ғой.

Жауға жегі құрт екен ғой.

Жерін жатқа өлмей бермес –

Көк Түріктің ұрқы екен ғой.

Шаңырақтың шырқы екен ғой,

Тартып қалсаң шырпы екен ғой…

Жер дегенің – Ұлт екен ғой…

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір