«СӨЗ ХИКМЕТ»
20.05.2016
1497
0

Ñîç õèêìåò ïå÷àòü.cdrҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түр­лерін басып шығару» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыспен «Дәстүр» бас­пасынан жазу­шы, «Дарын» мемлекеттік жас­тар­ сый­лы­ғының лауреаты Айгүл Кемелбаеваның «Сөз хик­мет» атты жинағы жарық көрді. Жанры: әдебиет ту­ралы әдебиет. Көлемі 20 баспа табақ кітапқа көр­­кем эсселер, әдеби, өнертану, ғылым­тану сұх­бат­тар енген. Автордың «Мәжнүн жүрек» атты эс­селер жинағының (2013) рухани жалға­сы. 

Зерттеу нысандары: Ибн Рабиа, Дулат Баба­тай­­ұлы, Абай, Иманжүсіп, Георгий Гребенщиков, Ма­рина Цветаева, Әлкей Марғұлан. Және қазіргі за­манғы қазақ әдебиетінің 40 шақты көр­некті өкіл­дерінің шығармашылығы.

Махачкалада Расул Гамзатовтың шығарма­шы­лығына арналған Халықаралық ғылыми кон­ференция материалдары жеке кітап болып шықты. Жи­нақта Айгүл Кемелбаеваның «Летописец  Да­гес­тана. О книге Расула Гамзатова «Мой Дагестан», «Магический полет журавлей» атты 2 эссесі орыс ті­лінде жарияланған.

Бакуде түркі халықтары әдебиетіне арналған «ULU ÇİNAR» атты жур­­нал­да әзербайжан тілінде Айгүлдің «Қоңырқаз» атты алғашқы әңгі­месі жа­рық көрді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір