"Қазақ әдебиеті" — Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті. Әр апта сайын, жұма күні шығады.
Газет 1934 жылдың 10 қаңтарынан бастап шыға бастады. «Қазақ әдебиеті» газеті — Қазақстан жазушылар одағының органы ретінде тұңғыш саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген.
«Қазақ әдебиеті» - газетінің тарихы


Ақын-аудармашы Алмат Исәділдің бұл кітабына әр жылдары жазылған дәуір тынысы, табиғат тылсымы, сезімдар арпалысы, адамзат тағдыры, кеңістік пен уақыт жайлы сыр шертетін жырлары топтастырылған. Кітапқа бүгінгі заманның шындығын ашуға ұмтылған шығармашылық иесінің ізденістері арқау болған. Ұлттық бояумен көмкерілген ақын шығармаларының тақырыбы ауқымды, айтары анық, ойы терең.
Студия «Team28»