Язов пен Мұқанов
13.05.2025
107
0

Дмитрий Тимофейұлы Язов– КСРО Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының маршалы. СОКП Орталық Комитеті Саяси Бюро мүшесінің кандидаты болған. Ұлы Отан соғысының ардагері.

Шаймұхан Мұқанов 1921 жылы Қайнардың жанындағы Мәремік тауының етегінде туған. Ұлы Отан соғысына Абыралы өңірінен ат­танған 1600-ден астам жауынгердің бірі әрі бірегейі. Майданда басынан аяғына де­йін болған. Ленинград облысы Любань қаласының Құрмет­ті азаматы. Ондаған орден-медальдардың иегері. Майор шенімен соғыстан оралғаннан ке­йін, Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстық Мемлекетік Қауіпсіздік комитет­терінің бастығы, Қаратал, Кеген, Алакөл аудандық Лартия комитет­терінің бірінші хатшысы болып жауапты қызмет­тер атқарған.
Язовпен соғыстың от­ты жылдарында танысады. Шаймұқан аға взвод командирі болып жүргенде Язов ол кісінің орынбасары болыпты. Сол жылдарда басталған достық Шаймұқан аға өмірден өткенше жалғасады. 1996 жылдың қыркүйек айында Шаймұқан аға мен Камал тәте екеуінің шаңырақ көтергендеріне 50 жыл толуына байланысты алтын тойларымен құт­тықтап, сонау Мәскеуден Язов бәйбішесін ертіп, Талдықорғанға келеді. Жетпістегі қазақтың бір шалының тойына Маршал келеді деп ешкім ойламаған көрінеді. Оның алдында Шаймұқан аға оның үйінде, Язов Шәкеңнің Мәскеуде тұратын баласының үйінде болып, ұзақ әңгіме құрып, өз ақшасына Министрліктің қорынан «Волга» машинасын алып қайт­қан кезі болған. Соғыста болған жерлерін бала-шағасымен аралаған кез­дерінде де Язовтың көп көмегін, ыстық ілтипатын көреді. Ке­йіннен сексен, тоқсан жасына тағы келеді сый-сияпатын арқалап майдангер досы. Сөйтіп, соғыс кезінде бір-біріне қорған болып, туыстай болып кеткен командирі Шаймұқан ағаның мере­йін асырады. Атақ-дәрежесі үлкен, дүниежүзіне әйгілі қолбасшының майдандас досының қуанышына ортақтасуға жер түбінен іздеп келген адамгершілік қасиетіне, достыққа беріктігіне облыс басшылары, дүйім Жетісу елі дән риза болады.
Майдангер Шаймұқан Мұқанов 2016 жылы, 95-тен асып Астанада дүниеден өт­ті. Ұрпақтары бар. «Ерлік – елге ұран, ұрпаққа мұра». Жеңістің 80 жылдығы күні оның рухына тағзым ету жерлестерінің парызы болуы керек.

Бекен ӘБДІКӘРІМОВ,
журналист,
Астана қаласы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір