ҚОШ, ҚАЛАМДАС ДОС!
20.05.2016
2192
0

IMAG2165Әлімжан ӘЛІМБЕКОВ

Байырғы журналист, кезінде «Ле­ниншіл жас», «Социалистік Қа­зақ­стан» газеттерінде қызмет істеп, содан осы  екі басылымның Оңтүстік Қа­зақстан облысындағы меншікті тіл­шісі болып бірсыпыра жыл абы­рой­лы еңбек еткен белгілі қаламгер, дарынды журналист, еліміздің бетке ұстар жалғыз университеті болған КазГу-де бес жыл бірге оқып, 55 жыл үзең­гілес жүріп, халқымызға қалт­қы­сыз қызмет етіп келген абзал  азамат, до­сымыз  Әлімжан Әлімбековтың қа­засына қатты қайғырып, марқұм­ның жары Сейсенкүлге, ұлы мен қызына, бауырларына қабырғамыз қайыса отырып көңіл айтамыз.

Ақжарқын мінезді  бірімізге іні, бі­рімізбен құрдас жолдасымыздың  бейнесі  дәйім жадымызда сақталады.То­пырағы торқа, жаны жәннатта бол­сын!

Қош, қаламдас дос!

Ақын, жазушы, журналист курстастары:
Үмбетбай Уайдин.
Қабдеш Жұмаділов.
Әнес  Сараев.
Жарылқасын Нұсқабайұлы.
Ахат Жақсыбаев.
Бексұлтан Нұржекеев.
Төлен Әбдіков.
Тәжібай Жанаев.
Қажығали Мұхамбетқалиев.
Қуаныш Орманов.
Сейітзада Әсембеков.
Бибізада Күздібаева.
Ұзақбай Доспанбетов.
Иген Хасенов.
Қарақат Шалабаев.
Нұрсадық Сарғожаев.
Кәдірбек Уәлиев.
Төлен Қаупынбаев.
Ауданбек Қуандықов.
Сейілбек Маханов.
Ордабек Шаяхметов.
Өтеген Жаппарханов.
Қайырбек Мырзахметов.
Мәмбет Абдрахманов.
Жандар Кәрібаев.
Қамысбек Иманқұлов.
Жолдасбай Тұрлыбаев.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір