80-дегі ҚАБДЕШКЕ
Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағының бірлесе ұйымдастыруымен 23 мамыр күні сағат 16.00-де М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік және Тәуелсіз платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Қабдеш Жұмаділовтің 80 жасқа толу мерейтойына орай салтанатты жиын өтеді.
Келем деушілерге есік ашық.
Кім білмейді Қабдешті,
Басынан талай хал кешті.
«Соңғы көшті» жазды да,
Бастап кетті бар көшті.
Нар көтермес жүк бар ма,
Том арқалап шықты алға.
Жазуымен де ұқсайды,
Түрімен де Мұхтарға.
Өмір сүрген тұсына,
Ең керегін ұсына.
Оқылатын нағыз айналды,
Халық жазушысына.
Соны орып ексең не,
Сергек шықтың сексенге.
Тоқсанға да тоқтама,
Үміттен жүзге жетсең де.
Ай сайын бір әңгіме,
Жыл сайын бір роман.
Жазып-жазып мәңгіге,
Сау-саламат жүр аман.
Оразақын АСҚАР.